“ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!” – челленджін өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес 9-сыныпта “НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.
Ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер – темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру.
Адамгершілік, имандылыққа тәрбиелеу
Сынып сағаты барысында оқушыларға есірткінің адам ағзасына әсер ету жолдары, оның адам миының орталық жүйке жүйесінің қабілетіне кері әсері баяндалып, есірткіні тұтынған адамның ойлау, есте сақтау қабілетінің біртіндеп кеміп, ашуланшақ, агрессивті күйге енетіні түсіндірілді.
Өткізген: 9 сынып жетекшісі А.С.Мынжасарова
