Оқушыларды өнерге баулу, шығармашылық қабілетін, ой ұшқырлығы мен жадына сақтақтау қабілеттерін дамыту, өз ойын әдеби тілмен көркемдеп жетік жеткізу, шешен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорларын молайтып, аудиторияда еркін сөйлеуге үйрету мақсатында Ақжар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Р. А. Кучукованың жетекшілігіндегі «Шабыт» көркемсөз оқу үйірмесінің 15 өрені Алматы қаласында өткен республикалық «Дарын» (онлайн) байқауына қатысты. І орынды Досымжанова А, Ержан Д қанжығаларына ілді. Жас категориясына байланысты 12 бала – ІІ орынды (Темір С., Тасжановтар Даниял, Алдияр, Мадияр., Ризабек Н., Еркен Қымбат, Сымбат, Ұлжан, Қанат А.,Амангельдинов А.,Қайырболат А., Әділетқызы А., Мақсатұлы А.) үшінші орын Ермұрат Е иеленді. Қатысушылар мен үйірме жетекшісі Роза Амантаевна дипломдармен марапатталды. І орынды иеленген жеңімпаз Досымжанова Айнара Республикалық «Дарын» балалар журналына тегін жарияланды. Өнерлі өрендердің өнерлері үстем болуына тілектеспіз!
